Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Табиғатты өрттен сақтайық!

☀️ Жаз мезгілінде ауа райының ыстық әрі құрғақ болуы табиғи өрттердің туындау қаупін арттырады. Өкінішке қарай, мұндай өрттердің басым бөлігі адамның салғырттығынан орын алады.
🔻 Өрттің негізгі себептері:
* сөндірілмеген от;
* сөнбей қалған темекі тұқылы;
* құрғақ шөпті әдейі өртеу;
* табиғатта қалдырылған шыны бөтелкелер мен басқа да жанғыш қалдықтар.
🌾 Осындай ұқыпсыз әрекеттер табиғатқа орасан зор зиян келтіреді. Өрт салдарынан жануарлар мен құстардың мекен ету ортасы жойылып, өсімдіктер дүниесіне орны толмас шығын келеді.
🌿 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы тұрғындар мен қонақтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

Scroll to Top