Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Эколог күніне орай Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері марапатталды

🌿 «Эколог күніне» орай Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық марапаттарына ие болды.
🏅 «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» II дәрежелі төсбелгісімен:

▪️ Оспанов Камариден Даукенович, мемлекеттік инспектор;
▪️ Кибалдин Серікбай Қуанышевич, мемлекеттік инспектор.

🏅 «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» III дәрежелі төсбелгісімен:

▪️ Абдыкенова Гүлден Абдуллаевна, директордың орынбасары;
▪️ Ерубаев Олжас Алдабергенұлы, қорғау бөлімінің басшысының орынбасары;
▪️ Баймұқышов Болат Мұханбедрахимович, мемлекеттік инспектор.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен:

▪️ Янушевский Артем Борисович, ҒАжМ бөлімінің басшысы;
▪️ Наурызбаева Ақбота Балғабаевна, визит-орталығының меңгерушісі марапатталды.

👏 Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Табиғатты қорғау және биоәртүрлілікті сақтау жолындағы еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!

Scroll to Top