Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

🦢 Аққу – сұлулық пен сабырлылықтың символы.

 

Сыбырлақ аққу – сулы-батпақты алқаптарды мекендейтін ең көрікті құстардың бірі. Ол қауіп төнген кезде шығаратын өзіне тән ысылдаған дыбысына байланысты «сыбырлақ аққу» деп аталған.

Сыбырлақ аққулар өмір бойы жұптасып, ұяларын бірге салып, балапандарын бірге бағып өсіреді. Олар тыныш көлдер мен қалың қамыс өскен су айдындарын мекендеп, өздерін қауіпсіз сезінетін жерлерді таңдайды.

Сырт көзге әсем әрі байсалды көрінгенімен, аққу өзін де, ұясын да қорғайды . Ұясына немесе балапандарына қауіп төнген жағдайда, алып қанаттарымен жыртқыштарға қарсы тұра алады. Ересек құстың қанатының ұзындығы 2–2,5 метрге дейін жетеді. Сондықтан аққу тек сұлулығымен ғана емес, күшімен де ерекшеленетін құс

Scroll to Top