Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Қарабай (Plegadis falcinellus)

Мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік инспекторлар Қызыл кітапқа енген Қарабай (Plegadis falcinellus) құсын видеоға түсіріп алды

Қарабайдың ұзын, төмен қарай иілген тұмсығы бар, ал қауырсындары күн көзінде мыс және жасыл түспен әдемі жылтырайды.

Олар шөлді, далалы аймақтарда және сулы-сазды алқаптарда мекендеп, ұсақ балықтармен және жәндіктермен қоректенеді.

Соңғы жылдары қорық аумағында қарабайдың саны артып, оны кездестіру жиілей түсті.

Scroll to Top