Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Қорғалжын қорығында кәсіподақ көшбасшыларымен кездесу ұйымдастырылды

«Как живешь, первичка?» акциясы аясында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына Ақмола облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов және Ақмола облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Батырбек Негметов келді. Сапар барысында қорық ұжымымен кездесу өткізіліп, әлеуметтік-еңбек қатынастары, кәсіподақ қызметі, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды. Қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды. Сонымен қатар, келісу комиссияларының қызметі мәселелері бойынша онлайн оқудан өткен қатысушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды. о

Scroll to Top