Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

🔥 «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Қорғалжын ауылының аумағында өртті сөндіру және төтенше жағдайларға ден қою бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу ұйымдастырылып, оның барысында тиісті қызметтердің өзара іс-қимылдары жетілдірілді.

Іс-шара барысында шартты табиғи өрт ошағын анықтау, өрт туралы жедел хабарлау, күштер мен құралдарды жұмылдыру, өртті оқшаулау және сөндіру бойынша іс-қимылдар көрсетілді.

🚒 Сондай-ақ өрт сөндіру техникасы мен арнайы жабдықтарды пайдалану тәртібі, өрттің таралуын болдырмау шаралары және оқу-жаттығуға қатысушылардың үйлесімді әрекеттері көрсетілді.

🌿 Осындай оқу-жаттығулар өрт қауіпті кезеңге дайындық деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлар туындаған кезде қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге ықпал етеді.

Scroll to Top