Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

🌿🎨 «Табиғат және Мен» сурет салу байқауы өтті

 

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында балалар арасында «Табиғат және Мен» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Байқау барысында жас қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін суреттері арқылы бейнеледі.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар балалар қорық музейіне экскурсия жасап, оның тарихымен, табиғи байлықтарымен және сирек кездесетін жануарлар мен құстар туралы қызықты мәліметтермен танысты.

Scroll to Top