Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

🌿 22 мамыр – Халықаралық биологиялық әралуандық күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2000 жылғы 30 желтоқсанда 22 мамырды Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады. Бұл күн табиғаттағы тірі ағзалардың алуан түрлілігін сақтаудың маңызын еске салады.

Қазақстандағы биологиялық әралуандықтың бірегей мекендерінің бірі – Қорғалжын қорығы. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай: мұнда сүтқоректілердің 46 түрі, құстардың 365 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 2 түрі, қосмекенділердің 4 түрі, балықтардың 15 түрі мекендейді. Ал омыртқасыз жәндіктер, шаянтәрізділер, ұлулар мен құрттардың түрлері бұдан да көп. Тек жәндіктердің өзінен 700-ден астам түрі кездеседі.
Қорғалжын қорығы сирек кездесетін құстарымен, әсіресе қоқиқаздарымен танымал. Бұл қорық – табиғаттың баға жетпес байлығы, биологиялық әралуандықты с

Scroll to Top