“Парктер шеруі — 2026” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “Биоалуантүрлілікті сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында мектеп оқушылары арасында экологиялық ағарту бағытындағы дәрістер ұйымдастырылды.
Дәріс барысында оқушыларға табиғи экожүйелерді сақтау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, қорықтардың маңызы және экологиялық жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық білімін кеңейту.
