🌿 «Таза Қазақстан – Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында қорық қызметкерлері Сұлтанкелді көлінің жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында көл маңы қоқыстан тазартылып, табиғи аумақ ретке келтірілді.
Табиғатты аялау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз. Экологиялық шаралар туған жердің табиғатын қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. 🌱
