14 сәуірде Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде (Көкшетау қ.) өрт қауіпті кезеңнің өтуі мәселелері бойынша жедел кеңес өтті.
Іс-шараға облыс ұйымдарының басшылары, сондай-ақ «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының орынбасары Г.А. Абдыкенова және өрт сөндіру станциясының басшысы С.К. Мырзабеделов қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша өрт қауіпті кезеңде алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
