14–15 сәуір аралығында Бурабай курортында гидтер мен экскурсоводтарға арналған арнайы оқу семинары өткізілді. Іс-шараны Ақмола облысы туризм басқармасының жанындағы «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.
Оқу бағдарламасының негізгі мақсаты мамандардың кәсіби деңгейін арттыру және өңірдегі туристік қызмет көрсету сапасын жақсарту болды. Семинар барысында қатысушылар заманауи экскурсия жүргізу әдістемелерін меңгеріп, туристік топтармен тиімді байланыс орнату дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар мамандар экскурсиялық қызмет барысында туындайтын практикалық жағдайларды талдап, сапаның бірыңғай стандарттарымен танысты.
———
