«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы World Cleanup Day (Дүниежүзілік тазалық күні) қарсаңында экологиялық сенбілік ұйымдастырды.
Іс-шара қорық әкімшілік ғимаратының аумағында өтті. Сенбілік барысында ұжым мүшелері қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазартып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
