Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Шақпақ орнитологиялық станциясындағы далалық оқу

2026 жылғы 7–25 қыркүйек аралығында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Аида Қазбекқызы Шақпақ құстарды сақиналау орнитологиялық станциясында далалық оқу-тәжірибеден өтті.
Сапар аясында 9–12 қыркүйек аралығында Азиядағы құстардың көші-қонын зерттеуге арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
Шақпақ станциясы ондаған жылдар бойы Орталық Азиядағы құстардың көші-қонын зерттеуде маңызды орталықтардың бірі болып келеді. Мұнда қоныс аударатын құстарды бақылау, аулау және сақиналау, сондай-ақ ғылыми деректер жинау жұмыстары жүргізіледі.
Оқу барысында құстардың әртүрлі топтарымен, соның ішінде торғайтәрізділермен, жыртқыш құстармен, қарлығаштармен және басқа да қоныс аударатын құс түрлерімен практикалық жұмыс жүргізілді.
Станция мамандарының жетекшілігімен далалық орнитологиялық зерттеулердің негізгі әдістері меңгерілді:
🔹 құстарды қауіпсіз аулау және олармен жұмыс істеу;
🔹 құстарды сақиналау әдістемесі;
🔹 құстың түрін, жынысын және жасын анықтау;
🔹 қажетті бақылаулар мен өлшеулер жүргізу;
🔹 далалық деректерді тіркеу және жүргізу.
Алынған тәжірибе орнитология саласындағы кәсіби білім мен практикалық дағдыларды жетілдірудегі маңызды кезең болды. Меңгерілген әдістер мен алынған білім қоныс аударатын құстардың мониторингін жетілдіруге, ғылыми бақылаулардың сапасын арттыруға және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағында орнитологиялық зерттеулерді дамытуға мүмкіндік береді.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache