🌎 Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай А. Төлеубаев атындағы орта мектеп пен Қорғалжын мектеп-гимназиясының жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен экологиялық танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
🌱 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық білімдерін кеңейту.
🌳 Бағдарлама барысында оқушылар табиғатты қорғау тақырыбындағы түрлі танымдық ойындар мен тапсырмаларға белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
🌷 Іс-шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, табиғатты қорғауға қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.
🌿 Осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы кеңінен насихатталуда.
