
2025 жылғы 18 маусымда қорық қызметкерлері Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) дайындаған «Степные звери Казахстана» атты бірегей кітаптың тұсаукесеріне қатысты. Мазмұнды әрі бай иллюстрацияланған бұл басылым еліміздің дала экожүйелерінде мекендейтін сүтқоректілерге арналған. Кітаптың ерекше құндылығы — онда сипатталған көптеген жануарлар түрлері Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағында да кездеседі.
