Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, мониторинг және ақпарат бөлімінің қызметкерлері бұрын су басқан, қазіргі уақытта құрғап қалған аумақтарда өсімдік жамылғысына мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Зерттеу барысында аталған аумақтарда өсіп шыққан өсімдіктердің түрлік құрамы анықталып, өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайы зерттелуде.
Мониторинг жұмыстарына биология ғылымдарының докторы Айдарханова Гульнар Сабитовна да қатысты.
Жиналған мәліметтер өсімдік жамылғысының өзгерістерін бақылауға және су режимінің өзгеруінен кейінгі экожүйелердің қалпына келу үдерістерін бағалауға мүмкіндік береді.
