Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Мысықторғай неге «мысықторғай» деп аталады?

 

Кәдімгі мысықторғай (Oriolus oriolus) – Қазақстандағы ең әсем әрі ерекше құстардың бірі. Оның әуезді үні алыстан анық естіліп, орманға ерекше сән береді.

Бұл құстың ең қызық ерекшелігі – қауіп төнген кезде шығаратын дыбысы. Жыртқышты немесе басқа бір қауіпті сезген сәтте ол мысықтың мияулағанына ұқсас дыбыс шығарады. Дәл осы ерекшелігіне байланысты халық арасында «мысықторғай» деген атауға ие болған.

Аталығы ашық сары түсті, қанаттары қара болса, аналығы жасыл-сары реңді келеді. Бұл – жыл құсы. Көктемде елімізге оралып, ағаш бұтақтарына ұя салады. Мысықторғай орман мен бақтарға зиян келтіретін жәндіктерді жеп, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға үлес қосады.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache