
Жыл бойы тіршілік ететін орасы камыс тоғайлар. Негізгі түсі жирен қошқыл , қанаттары қара және ақ дақтар бар .
Мұртты шымшық туралы қызықты деректер:
• Мұртты шымшықтар – өмірлік жарын бір рет таңдап, өмір бойы бірге өмір сүреді. Сондықтан олардың ерекше жұптасу рәсімі, яғни аталықтың өзінің әдемі қауырсындарын көрсететін сәт, өмірінде бір-ақ рет өтеді;
• Аталық ұя салуға белсене қатысады және аналықпен бірге жұмыртқа басуға көмектеседі;
• Суық кезде мұртты шымшықтар бір-біріне тығыз жабысып ұйықтайды, осылайша жылынады;
• Олар бір-бірінің қауырсынын тазалағанды ерекше жақсы көреді.
Толық бейнені біздің Инстаграмдағы парақшамыздан көруге болады.
korgalzhyn_qorygy
