https://www.instagram.com/p/DTadm40iKeO/
Қорғалжын мемлекеттік қорығында балықшылардың ерекше «серігі» пайда болды — Стёпа есімді жабайы қабан. Бейнежазбада оның адамдардан қорықпай, көліктерге және балық аулайтын орындарға еркін жақындап, келушілердің қызығушылығын тудырып жүргенін көруге болады.
Стёпа қорықтың мемлекеттік инспекторларына өткен жылдың көктемінен бері таныс. Ол кезде кішкентай торай болып, азық іздеп Қаражар кордонына жиі келе бастаған. Уақыт өте келе қызметкерлер оған үйреніп, Стёпа деп ат қойған. Жануарға деген жылы ықыластарына қарамастан, инспекторлар жабайы жануарларды қоректендіруге тыйым салынған ережені қатаң сақтады, себебі бұл олардың табиғи мінез-құлқына зиян келтіруі мүмкін.
Соған қарамастан, Стёпа адамдардың қатысуына өзі бейімделіп, бүгінгі күні адамның жанында өзін еркін әрі тыныш сезінеді. Ол қорықтың өзіндік, мейірімді, қызыққұмар және агрессиясыз жануар ретінде танылды.
Қорғалжын қорығына келген балықшылар мен қонақтарды Стёпаға түсіністікпен әрі құрметпен қарауға, оны қорқытпауға және ренжітпеуге шақырамыз. Есіңізде болсын: ол — адамға сенім артқан жабайы табиғаттың бір бөлшегі.
