Жануардың салмағы – 8–18 г. Қанаттары жіңішке, құлақтары қысқа. Денесінің үстіңгі жағы қоңырқай түсті, жүн ұштары күмістей жылтыр (екі түсті). Төменгі бөлігі күміс түстес ақ немесе таза ақ түсті. Ұшу жарғағы мен құлақтары қою қоңыр.
Костүсті жарқанат Еуразияның кең аумағында таралған. Ол Батыс Еуропадан бастап Қиыр Шығысқа дейін кездеседі.
Қазақстанда бұл түр кең таралған
