Кәдімгі түлкі (Vulpes vulpes) — жыртқыш сүтқоректілердің иттұқымдастар (Canidae) тұқымдасына жатады. Бұл түр Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Негізінен ұсақ кеміргіштермен, құстармен және жәндіктермен қоректенеді. Кәдімгі түлкі экожүйеде кеміргіштер санын реттеуде және табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады.
