
Қорық аумағында селеудің жаппай масақтану кезеңі басталды. Бұл – дала экожүйесіндегі табиғи маусымдық құбылыстардың бірі.
Осы кезеңде селеу қаулап өсіп, кең жазық алқаптар күміс түске боялады. Желмен тербелген селеу алқаптары ерекше көрініс қалыптастырып, даланың табиғи келбетін айшықтай түседі.
🌿 Селеулі дала – ақбөкендердің негізгі мекен ету ортасының бірі. Кең жазық алқаптар жануарлардың еркін қозғалуына, қоректенуіне және маусымдық көшуіне қолайлы жағдай жасап, олардың табиғи популяциясын сақтауда маңызды рөл атқарады.
