2025 жылдың күзінде Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі мамандары Саумалкөл көлінде қоныс аударатын құстардың күзгі есебін жүргізді. Зерттеу жұмысының басты мақсаты — көл аймағындағы құстардың түрлік құрамы, саны және маусымдық миграциясын анықтау.
Мониторинг барысында аймақта тіркелген құстардың саны мен түрлік әртүрлілігі есепке алынды. Алынған деректер биологиялық алуантүрлілікті сақтау, экожүйе жағдайын бағалау және табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау үшін маңызды ғылыми негіз болып табылады.
