20 қазан күні Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай қорық қызметкерлері арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Бағдарлама аясында арқан тарту, гир көтеру, қол күрес, спорттық эстафета, ойын және өнер сайыстары өткізілді. Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік пен дене дайындығын көрсетіп, әрі қызықты бәсекелестік өріс алды.
Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар мен қатысушылар кубоктармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

