Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

20 қазан күні Қорғалжын қорығының конференция залында «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты марапаттау өтті.

2025 жылы 20 қазан күні Қорғалжын қорығының конференция залында «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты марапаттау өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан қорық қызметкерлері төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың атынан марапаттарды Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының директоры Турсынбеков Б.О. табыстады.

Экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Кабланбекова Гульмира Алибековна мен мемлекеттік инспектор Герт Эдуард Фёдорович «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» II дәрежелі төсбелгімен марапатталды.

Сонымен қатар, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет грамотасымен Диханбаев Б.А. және Рыспаева Н.К. марапатталды.

Бұдан бөлек, табиғатты қорғау саласында елеулі еңбек сіңіріп жүрген бірқатар қызметкерлер мекеме директорының Алғыс хаттарымен

 

Scroll to Top