
Ақтамақ қалытқы (Phalaropus fulicarius) – қалытқылардың ең ірілерінің бірі, салмағы 40–75 граммға дейін жетеді. Оны дөңгелек пішінді тұмсығынан және айқын жыныстық айырмашылығынан тануға болады: аналығы ашық түсті, ал аталығы күңгірттеу болады.
Күйіт маусымында аналықтың қауырсыны қызыл қоңыр түске боялады, басында қара өрнек байқалады, арқасы сұрғылт. Қыста құстар ақшыл түске ауысады.
Бұл түр Арктика тундраларында ұялайды. Ерекшелігі – жұмыртқа басып шығару ісін көбіне аталығы атқарады, ал аналығы жұмыртқалаған соң оңтүстікке ұшып кетеді. Күзде құстар үлкен топ құрап, мұхиттарға қоныс аударады. Қыстап шығатын жерлері – Атлант және Тынық мұхиттарының тропикалық және қоңыржай сулары.
Ақтамақ қалытқылардың бір ғажайып әдеті бар: суда жүзіп жүріп, шеңбер бойымен айналып қозғалады. Соның нәтижесінде су бетіне ұсақ жәндіктер мен шаянтәрізділер шығып, олардың негізгі қорегіне айналады.
Толық нұсқасын біздің Instagram парақшамыздан көре аласыз: korgalzhyn_qorygy
