
Ақбөкен (Saiga tatarica) – сирек әрі құнды бөкен түрі. Бұл реликт жануар мұз дәуірінен бері сақталып, бүгінгі күнге дейін Орталық Азияның ашық далалық және шөлейтті аймақтарында тіршілік етіп келеді.
Танауының ерекше құрылысы бірнеше қызмет атқарады: жазда ол ыстық әрі шаңды ауаны салқындатып, қыста суық желді жылытады. Мұндай бірегей бейімделу ақбөкеннің қатаң континенттік климат жағдайында өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Ақбөкен – өте жылдам әрі қоныс аударуға бейім жануар. Ол қолайлы жайылымдар мен жағдайларды іздеп, жүздеген шақырымға созылатын маусымдық көші-қон жасайды.
Толық нұсқасын біздің Instagram парақшамыздан көре аласыз: korgalzhyn_qorygy
