
30 шілде мен 7 тамыз аралығында Теңіз көлінің батыс бөлігінде «Дала өрттерінің дала экожүйелерінің биоалуантүрлілігіне әсері» жобасы аясында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Халықаралық экспедицияға қорық қызметкерлері, АСБК және Фрайбург университетінің (Германия) өкілдері қатысты. Зерттеу жұмыстары соңғы 20 жылда өртке ұшыраған дала учаскелерінде ботаника, энтомология және орнитология салаларында жүргізілді.
