
2025 жылдың 27 мамырында Қорғалжын ауданында өртке қарсы штабтық оқу-жаттығу өтті, оған біздің қорықтың инспекторлары қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты – табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау, сондай-ақ қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру болды.
Қорық қызметкерлері жоғары дайындық деңгейін және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел әрекет етуге дайын екендіктерін көрсетті.
