Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Қорғалжын қорығында салтанатты марапаттау өтті

 

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының конференция залында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиын барысында қорық директоры Б.О. Турсынбеков қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, табиғатты қорғау саласындағы еңбектері үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында қорық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Марапаттарды Комитет төрағасы Д.Г. Тұрғамбаевтың атынан қорық директоры Б.О. Турсынбеков табыстады.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache