Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Өз ісінің адамы: табиғатқа адалдықпен өрілген 12 жыл

💚 Мемлекеттік инспектордан бөлім басшысына дейін. Бұл — бір күнде келген жетістік емес, жылдар бойғы еңбек пен өз мамандығына деген адалдықтың нәтижесі.

🌱 Бүгінгі кейіпкеріміз — Ерубаев Олжас Алдабергенұлы, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының Табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы.

🦢 2014 жылы еңбек жолын мемлекеттік инспектор болып бастаған ол қорық аумағын қорғау, заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында тәжірибе жинақтады. Кейін инспектор-гид ретінде келушілерді Қорғалжынның ерекше табиғатымен таныстырып, экологиялық ағарту ісіне үлес қосты.

🌿 2025 жылы бөлім басшысының орынбасары қызметіне тағайындалып, бүгінде Табиғи кешендерді қорғау бөлімін басқарып келеді.

🏅 Табиғатты қорғау жолындағы еңбегі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ІІ дәрежелі төсбелгісімен бағаланған.

✨ 12 жыл. Бір сала. Бір мақсат — табиғатты сақтау.

💚 Өйткені өз ісінің адамы болу — лауазыммен емес, еңбегіңмен, жауапкершілігіңмен және таңдаған жолыңа адалдығыңмен өлшенеді.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache