Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

🦅 Қорғалжын қорығындағы құстарды сақиналау

 

28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында құстарды күзгі сақиналау жұмыстары жүргізілді.

Жұмысқа ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Янушевский А.Б., ғылыми қызметкер Қазбекқызы А., сондай-ақ Қырғызстаннан келген практикант Азамат Хасенов қатысты.

📌 Осы кезеңде 14 түрге жататын 128 құс сақиналанды. Олардың қатарында кәдімгі ементұмсық, қырғи, кезқұйрық шымшық, үлкен тағанақ және алаторғай болды.

Жүргізілген сақиналау құстардың экологиялық және биологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер алуға мүмкіндік беріп, Теңіз–Қорғалжын өңіріндегі құстардың көші-қоны мен орнитофаунасын одан әрі зерттеуге негіз болды.

 

 

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache