Сізді зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз ұзақ жылдар бойы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында мемлекеттік инспектор қызметін абыроймен атқардыңыз. Табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек етіп, туған өлкеміздің табиғи байлығын сақтауға зор үлес қостыңыз. Жауапкершілігіңіз бен адал еңбегіңіздің арқасында әріптестеріңіз үшін әрдайым сенімді үлгі болдыңыз.
«Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры Б.О. Турсынбеков және қорық ұжымы Сізге көп жылғы адал әрі мінсіз еңбегіңіз үшін шынайы алғысын білдіреді.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке, бейбіт өмір тілейміз! Зейнеткерлік кезеңіңіз тек қуанышқа, жан тыныштығына және жақындарыңыздың ортасындағы бақытты сәттерге толы болсын!
