2026 жылғы 22–23 сәуір күндері «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК қызметкерлерімен бірлесіп қорық аумағында ақбөкендерге әуе есебі жүргізілді. Жалпы саны 8 025 ақбөкен есепке алынды, олардың басым бөлігі Теңіз көлінің батыс жағалауы бойында шоғырланған.
Мамыр айының басында ақбөкендердің тіршілігінде маңызды кезең — төлдеу (лақтау) басталады. Бұл уақытта жануарлар төлін аман-есен өрбіту үшін тыныш, оқшау жерлерді іздейді. Сондықтан мамыр айының басында ақбөкендер қыстау орындарынан төлдеу аймақтарына қарай жаппай қоныс аударады. Жыл сайын ақбөкендер оңтүстіктен солтүстікке қарай қорық аумағы арқылы көшіп өтеді.
