🌷 Көктемде Қазақстан даласы гүлдеген қызғалдақтарға толып, әсем кілемге айналады…
Бұл – табиғаттың ең әдемі ғажайыптарының бірі. Бірақ осы гүлдердің арасында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек түрлер бар.
❌ Қызғалдақтарды жұлуға болмайды! Бұл – заң бұзушылық.
⚖️ ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес:
— қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
— 3000 АЕК-ке дейін айыппұл
— түзету жұмыстары
— бас бостандығын шектеу немесе айыру
💸 Қосымша:
— әрбір жұлынған гүл үшін табиғатқа келтірілген зиян ретінде 0,5 АЕК төленеді
⚠️ Бір қызғалдақты жұлу – жай ғана гүл емес.
Бұл – жылдар бойы қалпына келетін табиғаттың бір бөлігі.
❗ Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
🌱 Табиғатты қорғаңыз!
Жұлмаңыз. Сатып алмаңыз. Жоймаңыз.
