2026 жылғы 13 ақпанда Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесінде конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен оның маңыздылығын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Жиын барысында Конституцияға енгізілуі көзделген негізгі түзетулер, оның ішінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, әділеттілік, заң мен тәртіп қағидаттары жан-жақты талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қорық қызметкерлері республикалық референдум өткізуді қолдайтындарын білдірді.

