Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күні

📅 1971 жылы 2 ақпанда Рамсар қаласында суда жүзетін құстардың тіршілік ету ортасы ретінде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер туралы Конвенцияға қол қойылды.
🌍Бүгінгі таңда Рамсар конвенциясына 164 мемлекет қатысушы болып табылады. Конвенция аясында жалпы ауданы 205,04 миллион гектардан асатын, 2098-ден астам халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқап тіркелген.
Қазақстан Республикасы Рамсар конвенциясына 2007 жылғы 2 мамырда ресми түрде қосылды. Бұл күн Конвенция Хатшылығы тарапынан Теңіз–Қорғалжын көлдер жүйесі халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізілген күннен бастап есептеледі.
Қазіргі уақытта Қазақстаннан халықаралық маңызы бар 10 сулы батпақты алқап Рамсар тізіміне енгізілген:
* Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі
* Жайық өзенінің жағалауы
• Қойбағар-Тюнтюгур көлдер жүйесі
• Құлыкөл-Талдыкөл көлдер жүйесі
* Науырзым көлдер жүйесі
* Жарсор-Орқаш көлдер жүйесі
* Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесі
* Ырғыз және Торғай өзендерінің төменгі ағысындағы көлдер
* Іле өзенінің жағалауы және Балқаш көлінің оңтүстік бөлігі
* Кіші Арал теңізі және Сырдария өзенінің жағалауы

Scroll to Top