Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

🚒 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында өртке қарсы техника жаңартылуда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап өртке қарсы жабдықтарды жаңғыртуға бағытталған кешенді бағдарлама кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында қорыққа 3 дана АЦ 3,0-40 маркалы КАМАЗ өрт сөндіру автокөлігі табысталды.

Жаңа КАМАЗ маркалы өрт сөндіру автокөліктері жоғары өтімділігімен ерекшеленіп, орманды және батпақты аумақтарда тиімді жұмыс істеуге бейімделген. Арнайы техника өрт сөндіруге арналған барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.
Бұл өз кезегінде өрттің алдын алу шараларын тиімді жүргізуге, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және инспекторлық құрамның қауіпсіз әрі нәтижелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

 

https://www.instagram.com/reel/DUFUhpXDH8z/?igsh=MWxjenRtYzR5M2J1dg==

Scroll to Top