
Бұл күн 1987 жылы қабылданған Монреаль хаттамасына орай белгіленген. Ол құжат атмосферадағы озон қабатын бұзатын заттарды қысқартуға бағытталған.
Озон қабаты – Жерді Күннің зиянды ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын табиғи қалқан. Оның жұқаруы тері ауруларының көбеюіне, экожүйенің бұзылуына, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Бүгінгі күннің мақсаты – озон қабатын қорғаудың маңызын еске салып, табиғатты қорғау жолындағы жаһандық ынтымақтастықты күшейту.
