Сібір елігі Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағында соңғы жылдары жиі кездесе бастады. Егер 2010-жылдарға дейін мұндай кездесулер сирек тіркелсе, қазіргі уақытта олар жыл сайын байқалып, көбінесе шағын топтармен кездеседі. Олардың негізгі мекен ету аймақтары солтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде шоғырланған, бұл құбылыс қорықтың солтүстік шекараларының орманды-дала аймақтарына жақын орналасуымен түсіндіріледі.
Ашық дала жағдайында елік осал келеді, сондықтан қорық аумағында олар көлдердің жағалауындағы қалың қамыс пен бұталы өсімдіктер өскен жерлерді таңдайды. Мұндай орындар жануарларға жақсы қорғаныс пен қорек табуға қолайлы жағдай жасайды. Табиғи сақтығы және қорғаныш реңі жыртқыштардан сәтті жасырынуға көмектеседі.
Қазіргі уақытта қорықта тұрақты популяциясы әлі қалыптаспағанымен, олардың жиі кездесуі болашақта тұрақты топтың пайда болуына үміт беред
