📌 Қорық аумағында жабайы жануарларды іздері бойынша қысқы маршруттық есепке алу жұмыстары жүргізілуде. Далалық зерттеулер басталар алдында мемлекеттік инспекторларға арналған оқыту семинары ұйымдастырылып, онда есеп жүргізу әдістемелері мен жануар іздерін ажырату ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді.
🌿 Алынған теориялық білім инспекторлар тарапынан дала жағдайында тәжірибе жүзінде бекітілді.
📊 ҚМЕ — жануарлардың санын және таралу аймағын бағалауға, популяция динамикасын бақылауға, сондай-ақ биоалуантүрлілікті тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды мониторинг әдісі
