Қорғалжын қорығының мемлекеттік инспекторлары Қорғалжын ауданы полиция бөлімінің ПБ АЖАҚ ТҚ инспекторымен бірлесіп табиғи аумақта рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Рейд барысында табиғат қорғау заңнамасының сақталуы, ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимінің бұзылмауы, сондай-ақ заңсыз аң аулау мен балық аулау фактілерінің алдын алу бағытындағы жұмыстар тексерілді.
Мұндай шаралар қорық аумағындағы биоалуантүрлілікті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және табиғатты қорғау мәдениетін арттыру мақсатында тұрақты түрде өткізілді.
🌿 Табиғатты қорғау — ортақ міндет!
https://www.instagram.com/reel/DVNoEb1CFn3/?igsh=dndodTc0ejlocWY2
