Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

📚 Инспекторларға арналған оқыту сабағы өтті

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында мемлекеттік инспекторлардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында оқыту сабағы өткізілді.

Сабақты директордың міндетін уақытша атқарушысы Г.А. Абдыкенова жүргізді.

Сабақ барысында табиғи аумақты қорғау, инспекторлардың қызметтік міндеттері, табиғи кешендерді сақтау, өрт қауіпсіздігі талаптары және заңнама нормалары бойынша маңызды мәселелер қарастырылды.

🌿 Оқыту барысында инспекторларға қызмет барысында кездесетін мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді, сонымен қатар сұрақ-жауап тест өткізілді.
Табиғатты қорғау – үлкен жауапкершілік. Қорықтың бірегей табиғи кешендерін сақтау әрбір инспектордың кәсіби білімі мен жауапкершілігіне байланысты.

💚 Табиғатты бірге қорғайық

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache