📍 14 қазан күні Алматы қаласында «Жаһандық көшу жолдары, Орталық Азия көшу жолының жаңа бастамасы және тіршілік ортасын сақтау» атты конференция өтті.
Іс-шараға Германияның Бас консулы Матиас Кислер, АСБК ғылыми директоры Сергей Скляренко, Ханс Зайдель қорының жоба жетекшісі Лара Бир, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өкілдері қатысты.
Конференцияда «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын» ғылым бөлімінің жетекшісі Артём Янушевский таныстырды. Ол «Теңіз–Қорғалжын аймағы — Орталық Азиядағы құстар көші жолындағы маңызды бөлік» тақырыбында баяндама жасап, аймақ құстарының қазіргі жағдайына талдау ұсынды.
Бұл шара Орталық Азия көші жолы аясында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтудағы маңызды қадам болды. Конференция қорытындысында құстарды есепке алу, сақиналау, GPS-бақылау және мамандар тағылымдамасы бағыттарында бірлескен жұмыс негізі қаланды.
Іс-шара соңында қатысушылар Шарын және Алтынемел ұлттық парктеріне экскурсия жасап, еліміздің ерекше табиғатымен танысты.

