«Парктер шеруі» экологиялық акциясы аясында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының мамандары Қорғалжын мектеп-гимназиясының оқушыларымен бірлесіп «Құстар – біздің досымыз» атты ашық сабақ өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызы кеңінен түсіндіріліп, оларды қорғау қажеттілігі атап өтілді. Балалар қызықты ойындарға қатысып, сұрақтарға жауап беріп, құстар туралы білімдерін толықтырды.
Құстарды қорғайық — табиғатты сақтайық!
